Тігіншілік – тек өнер ғана емес, сұранысы жоғары кәсіп

Тігіншілік – тек өнер ғана емес, сұранысы жоғары кәсіп
(0 Votes)

Жұмысшы мамандықтарының мәртебесі артып, оларға сұраныстың көбейгені – біз сияқты кәсіби мамандар үшін үлкен қолдау. Тігіншілік – тек өнер ғана емес, халыққа қажет, сұранысы жоғары кәсіп.

Мен өзім кішкентай кезімнен тігінге деген қызығушылығым болды. Тіпті үйдегі бар матадан өзіме киім-кешек тігіп алатынмын. Бұл қасиет маған анамнан дарыса керек. Ол  да бұрын іскерлікпен айналысқан болатын.

Осы салада өз кәсібімді қолға алып бастағаныма да 5 жылдай болды. Оюлы көрпелер, сәнге айналған түрлі пернелерге, қыз жасауларына тапсырыс алып, енді мереке жақындағасын ұлттық киімдерге де сұраныс жоғары.

Бастағанда, тек хобби деп ойлағам, бүгінде бұл менің тұрақты табыс көзіме айналды. Тігіншілікті таңдағаныма еш өкінбеймін.

Өзім әрқашан ұлттық киімді насихаттап жүремін, тек мереке кезінде емес, қашанда шапанмен жүруді әдетке айналдырғанмын. 

Қазір сапалы, қолөнерге негізделген киімдер мен бұйымдарға қызығушылық артып келеді. Жастарға айтарым – еңбек ету мен өз ісіңді сүю табысқа жетелейді.

Президенттің бұл бастамасы жұмысшы мамандықтарын таңдаған әр азаматқа жаңа мүмкіндіктер береді деп сенемін.

Айнур НАСЫРОВА,

жеке кәсіпкер

Индер ауданы

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT