Теміржол маңында қараусыз жүрген мал иелерінің назарына!

Теміржол маңында қараусыз жүрген мал иелерінің назарына!
(0 Votes)

  Жаз мезгілінде аудан және ауданға қарасты елді мекеннің кейбір тұрғындары  өздерінің ірі қара малдарын теміржол бойына қараусыз қалдырып, соның салдарынан  теміржол бойында жүрген жануарлар  жолаушы немесе жүк  пойыздарына басылып, пойыз қозғалысына қауіп төндіріп жатады.

Ағымдағы  жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақыт аралығында Атырау ст.ЖПБ-не қарасты Мақат ст.ЖПб-нің қызмет атқару аймағында жолаушы, жүк  пойыздарының тепловоз машинистері теміржол бойына сиыр, жылқы, түйе малдарының шығуына байланысты шұғыл тежегіш қолданудың 10 фактісі тіркеліп, 5 дерек бойынша мал басу оқиғалары орын алған.

Осы оқиғаға қатысты Мақат ст.ЖПб-нің қызметкерлері басылған мал иелеріне  ҚР ӘҚБтК 559бабы  1 бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылып айыппұл салынды.

Осы ретте, ірі қара мал иелерінің назарына теміржолдардың бөлінген жолақтарында күндіз немесе түнгі уақыттарда мал жаюға қатаң тиым салынатынын ескертіп, қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз!

 

Мақат ст.Жпб бастығы полиция майоры Ералиев Құралбек Жолдасқалиұлы

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT