Технологиялық жүйеге бастаған бағдар

Технологиялық жүйеге бастаған бағдар
(0 Votes)

Ең алдымен, Қазақстанның жаңа дәуірге – жасанды интеллект пен цифрлық трансформация дәуіріне аяқ басқанын атап өткен жөн. Осыған байланысты бірнеше негізгі жайтты бөліп көрсетуге болады.

Біріншіден, Мемлекет басшысы үш жыл ішінде Қазақстанды толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыруды стратегиялық мақсат ретінде айқындады. Бұл – цифрландыру енді жекелеген салаларды жаңғыртудың құралы ғана емес, әлеуметтік-экономикалық дамудың үлгісінің негізіне айналады деген сөз. Осы бағыттағы маңызды институционалдық қадам – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құрылуы. Бұл қадам цифрлық күн тәртібін ұлттық қауіпсіздіктің басым бағыттарының біріне көтерді.

Екіншіден, Президент технологиялық дамуды мемлекеттік басқарудың сапасымен байланыстырды. Цифрлық шешімдерге негізделген адамға бағытталған модельге көшу – ашықтықты арттыруды, бюрократияны азайтуды және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуды көздейді.

Үшіншіден, ерекше назар инвестициялық саясатқа аударылды. Цифрлық трансформация өндіріс пен жоғары технологиялық секторларға капитал мен инновация тартпайынша мүмкін емес. Қазақстанға экономиканы әртараптандырудың ұзақ мерзімді басымдықтарын да ескеретін, тек шикізаттық мүдделермен шектелмейтін жаңа инвестициялық ахуалдың архитектурасын қалыптастыру міндеті тұр.

Осылайша, Президенттің Жолдауын Қазақстанның жаһандық технологиялық жүйеге енуінің аясын айқындайтын бағдарламалық құжат ретінде қарастыруға болады. Ол жасанды интеллект саласындағы әлемдік бәсекенің сын-қатерлерін терең түсінуді және қалыптасып келе жатқан әлемдік тәртіпке ұлттық модельдерді бейімдеу қажеттігін көрсетіп отыр.

Таисия МАРМОНТОВА,
тарих ғылымдарының кандидаты, «Еуразиялық мониторинг» талдамалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі
Арнайы «Атырау» газеті үшін

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT