«Теңізшевройлда» шыңдалған шебер

«Теңізшевройлда» шыңдалған шебер
(0 Votes)

Индерлік Ақылбек Сәттіғұлұлы — адал еңбегімен абыройға жеткен мұнайшы. Жастайынан бозкілемде белдескен палуан болған ол кейін мұнай саласын таңдап, қарапайым жұмысшыдан бастап, бүгінде «Теңізшевройл» ЖШС-де аға шебер қызметін атқарып жүр.

Ақылбек Сәттіғұлұлы – еңбек майданында шыңдалған білікті маман. Оның айтуынша:
«Сорғылар мен компрессорлар – зауыттың жүрегі. Олардың мүлтіксіз жұмыс істеуі бүкіл өндірістің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді».

Отбасында да өнегелі әке. Жұбайы Әлия мемлекеттік қызметте, балалары Арнұр, Арафат және Аянат білім мен еңбекке ұмтылған жастар.

Ақылбек ағамыздың жастарға айтар бір ғана кеңесі бар:
«Білім алып, еңбек ету – болашақтың берік іргетасы. Еңбектің жемісі – тек табыс емес, абырой мен құрмет!»

Саламат Базарбаев

Индер аудан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT