Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында еліміздің экологиясына ерекше тоқталып, табиғатты қорғау мақсатында жасалып жатқан тыңғылықты жұмыстарды атап өткен болатын.
«Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек» - деді Президент өз сөзінде.
Расыменде табиғатты аялау, тазалықты сақтау бірінші кезекте болуы тиіс.
Осы мақсатта мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өңірімізде де кең етек алды.
Өлкеміздің әрбір тұрғыны акцияға белсене қатысып, қоршаған ортаның тазалығының маңызды екендігін ұғынды. Сондай-ақ, аталмыш акция жалпы ұлттық негіз алып, халқымыздың экологиялық мәдениетінің қалыптасуына ұйытқы болды.
Алдағы уақытта да бұл жалғасын тауып, әрбір азаматтың бойына қоршаған ортаны аялау, туған жерге деген сүйіспеншілік сынды ізгі қасиеттерді ұялатады деп сенемін.
А.Қангереева,
Қоғам белсендісі, блогер, Мақат жастары қоғамдық бірлестігінің төрайымы