"Таза аудан" акциясы асында ауданда 6 кыркүйек–4 қазан аралығы санитарлық тазалық, көркейту және көгалдандыру айлығы болып жарияланады. Екі айлықты өткізу жөнінде 32 пункттен тұратын іс-шара жоспары жасақталды.
Бүгін 12 қыркүйек аудандағы мекемелер аумағындағы сенбілік ұйымдастырылды. Барлық мекеме-ұйым қызметкерлері аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Тазалық айлығы аясында аылдық округ әкімдігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес мекемелерді аймақтарға бөліп, ондағы иесіз жатырған қатты тұрмыстық қалдықтар, бүлінген аймақтар қоқыстардан тазартылатын болады.
«Атырау облысының елді мекендерін көгалдандыру мен жасыл аймақтар құруыдың 2021-2025 жылдарға арналған Өңірлік жоспарына» сәйкес ағымдағы жылы ауданымызда 14 325 түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Осы мақсатта мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жарияланып, ЖК «AlMali»-мен 3 716,0 мың теңгеге 2025 жылғы 6 сәуірде №32 келісім шарт жасақталып, 10 250 түп, оның ішінде шегіршін, үйеңкі және шаған ағаштарының көшеттері сатып алынды. Қазіргі уақытта олардың барлығы ауылдық округтерге тараталып, сенбіліктерде аталған акциялар аясында толықтай отырғызылды. Өңірлік жоспарды орындау және шықпай калған ағаш көшеттерінің орнын толықтыру мақсатында күзгі сенбіліктер аясында отырғызылатын болады. Жоспар бойынша қалған 4 325 түп ағаш көшеттері күзгі тазалық айлығы кезінде отырғызылатын болады.
Б.САПАРОВА