“Таза Қазақстан” - ел болашағына қосылған үлес

“Таза Қазақстан” - ел болашағына қосылған үлес
(0 Votes)

Еліміздің ертеңі бүгінгі табиғатты қорғау ісімен тікелей байланысты. «Таза Қазақстан» акциясы – осы бағыттағы нақты қадам десек болады.

Осы ретте Мемлекет басшысы БҰҰ бас Ассамблеясының 80-ші сессиясындағы жалпы дебатта да жалпыұлттық акциясының маңыздылығына ерекше тоқталған болатын.

Бұл бастама - әрбір азаматтың туған жерге деген сүйіспеншілігін, табиғатқа деген жанашырлығын айқындайтын нақты қадам.

Ауданымыздың ардагері ретінде мен де бұл игі іске бейжай қарай алмаймын. Кең даламызда тазалық орнауы тек экология үшін ғана емес, өскелең ұрпаққа үлгі боларлық іс деп білемін.

“Таза Қазақстан” акциясы бүгінде бүкіл елді біріктіріп отырған шынайы халықтық қозғалысқа айналды. Ауданымызда да жастар мен еріктілер, мекеме қызметкерлері жұмыла кірісіп, көшелер мен саябақтарды тазарту жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.

Мұндай игі істің аясы кеңейіп, жалғасын тапса, келешек ұрпаққа таза табиғат, салауатты орта қалдыратынымыз анық.

 

Қ.Омаров,

аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT