2025 жылдың 23 маусымында Атырау қаласында таңғы бригада жағалаудағы көгалдар мен саябақтарда шөп шабу және газондарды күту жұмыстарын жүргізуді жалғастырды. Осы күні учаске шеберлері мен жұмысшылар газондарды қырықтап, тырмалап, тыңайтқыштар енгізіп, триммермен өңдеу жұмыстарын атқарды. Сонымен қатар, шабылған шөптер уақтылы шығарылды.
Күндіз бригада құрамында 8 адам мен арнайы техника қызмет етсе, кешкі уақытта «Отбасы» саябағында қолмен суару жұмыстарына 3 адам мен учаске шебері қатысты. Ал түнгі уақытта газондарды суару үшін 8 су таситын машина жұмылдырылды.
Қаланың көрікті әрі таза қалпын сақтау мақсатында жүргізіліп жатқан бұл жұмыстар алдағы күндерде де жалғасатын болады.