ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР САНАТЫНА ЖАТАДЫ. СОЛ СЕБЕПТІ БИЫЛ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БАСТАМАСЫМЕН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҚАБЫЛДАНҒАН БОЛАТЫН. ЖЫЛ БОЙЫ ТИІСТІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛДЫ. ЖОЛДАУДА ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ БҰЛ ТУРАЛЫ: «БАРШАҢЫЗҒА МӘЛІМ, ЕЛІМІЗДЕ КӨКТЕМНЕН БЕРІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР. БҰЛ – ТҰТАС ХАЛЫҚТЫ ҰЙЫСТЫРҒАН БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА.«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ШАРАСЫНА БІРНЕШЕ АЙДЫҢ ІШІНДЕ 3 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ АТСАЛЫСТЫ. МЫҢДАҒАН ҮЙДІҢ АУЛАСЫ ТАЗАРТЫЛДЫ, 1 МИЛЛИОН ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ. ОСЫНДАЙ ИГІ ШАРАЛАРДЫҢ АРҚАСЫНДА ҚОҒАМДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ, ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ЭТИКА ОРНЫҒЫП КЕЛЕДІ. МҰНЫ ТУҒАН ЕЛГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК, ЖАНАШЫРЛЫҚ ДЕУГЕ БОЛАДЫ. ҰЛТТЫҢ ЖАҢА САПАСЫ ОСЫНДАЙ НАҚТЫ ШАРАЛАР АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСАДЫ. БҰЛ – УАҚЫТША НАУҚАН ЕМЕС. ОСЫ МАҢЫЗДЫ ЖОБА ЖЫЛ БОЙЫ ЖАЛҒАСА БЕРУГЕ ТИІС. СЕБЕБІ, ШЫНЫН АЙТҚАНДА, КЕЙБІР САНАСЫЗ АЗАМАТТАРЫМЫЗ ТАБИҒАТТЫ, КӨШЕЛЕРДІ ӘЛІ ДЕ ЛАСТАП ЖАТЫР. ОСЫНДАЙ АДАМДАРДЫҢ ӘРЕКЕТІНЕ ЗАҢ БОЙЫНША ТОСҚАУЫЛ ҚОЮ КЕРЕК,-ДЕП ТАЗАЛЫҚ ТЕК ҚАНА АКЦИЯМЕН ШЕКТЕЛМЕУІ ТИІС ДЕП» ҚАДАП АЙТҚАН БОЛАТЫН. ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ АУДАНДА ҚАЛАЙ ОРЫНДАЛДЫ ДЕГЕН ЗАҢДЫ САУАЛ ТУЫНДАЙДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ТАЯУДА АРНАЙЫ ЖИЫН ӨТІП, ТАЛАЙ ЖАЙТ БАЯНДАЛДЫ ДА. СОНЫМЕН АКЦИЯ БАСТАЛҒАЛЫ НЕ ТЫНДЫ, ЕНДІ НЕ ТЫНБАҚ? ОСЫҒАН ТОҚТАЛЫП ӨТУДІ ЖӨН КӨРДІК.
Аудан орталығы Индербор кенті бойынша 22-29 маусым аралығында аудан көлемінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы негізінде жалпылама сенбілік ұйымдастырылып, сенбілікке 147 адам, 10 техника жұмылдырылып, 7 тоннадан аса әр түрлі тұрмыстық қалдықтар по - лигон аумағына шығарылды. Ал 5-ші шілдеде Индербор кентінде 150 адам және 8 техника кезекті сенбілікте кентке қарасты полигон аумағы тазартылған екен. Сонымен қатар, «Жастар» және «Жеңіс» саябақтарының сәнін кіргізу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілсе, мекемелердің аумағындағы тазалық жұмыстары да ұмыт қалмай, оған 130 адам және 10-ға тарта мекемелер - мен әртүрлі кәсіпорындар тартылып, тұрмыстық қалдықтар, қураған шөптер, шыны бөтелкелер полигон аймақтарына шығарылған. АБК, Бейбарыс-2, Тайсойған-9, Махам- бет-43 Б, көпбейінді ауылшаруашылық колледжінің сыртқы келбетіне әрлендіру жұмыстары жүргізіліп, тазалыққа үндеген кескіндер пайда болғанын білеміз. Жұмабаев көшесіндегі 7,8,9 үйлерінің аулалары және Қабдешов көшесіндегі апатты үйлердін орындары толықтай тазартылып, 40 тоннадан аса құрылыс материалдары полигон аймағына шығарылып, Бейбарыс көшесіндегі арбаттың жарық шамдары өзгертіліп, жаңартылғанын көз көрді.
ЖАРСУАТ ЖҮРІСІНЕН ЖАҢЫЛМАПТЫ
Жарсуат ауылдық округі бойынша да тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында 5 жұмысшы тобы құрылып, әр топқа округке қарасты елді мекендер бекітіліп беріліпті. Күні бүгінде 300-ден астам тұрғын үйге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оның 43-іне ескерту хаты жолданып, 5 тұрғынға учаскелік полиция инспекторымен құрылыс материал- дарын көшеде сақтағаны үшін ескерту жасалған.
– Округ бойынша қоқыс алаңдарының іші қуатты техника мен жиналып, тазалығы ретке келтірілді. Ауылдардағы бюджеттік мекемелер өз аулаларын және көше беттерін қоқыстардан, шөптерден тазартты. Көшелерде орналасқан 5 баннер жаңартылды. Округтегі бүлінген жол белгілері қалыпқа келтіріліп, жаңадан спорт алаңының алдына жасанды кедергілер орнатылып, жол сызықтары сызылды. Жарсуат және Құрылыс ауылдарының қатты тұрмыстық қалдықтар поли - гонын көшіру үшін жерін анықтап, көшіруді ұйымдастыру мақсатында аудандық жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі арқылы жер телімдері белгіленді, құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде,-деген ауыл әкімі Ербол Бөкеев ауылды жасыл желекпен көмкеру мақсатында 1000 түп ағаш отырғызылып, күтімге алынғанын айтты.
ЕСБОЛ ЕСКЕРТУМЕН «ЕРЛЕПТІ»
Кезінде аудан орталығы болып тарихта аты қалған Есбол ауылдық округі бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында 6 жұмысшы тобы құрылып, жұмыс жасады. Құрылған уақыттан бергі уақытта топ мүшелері тұрғын үйінің айналасына түрлі құрылыс материалдарын, әртүрлі заттарды жинап қойған 68 азаматқа ауызша және 15 азаматқа жазбаша ескертулер беріліпті. Округ көлемінде орналасқан 13 мекеменің аумағына және ауылдарға кірмежол бойындағы, ауылішілік автомобиль жолдары мен жаяу жүргіншілері жолдарының бойына шыққан арам шөптер шабылып, шығарылған. Есбол ауылындағы саябақтар аумағындағы жабайы шөптер жойылған.
– Көшелерде орналасқан 8 баннер жаңартылды. Қыркүйек айында саябақтардың қоршаулары сырланып, қураған теректер жойылып, өсіп кеткен ағаштарды кесу, әктеу, жаңа жол белгілерін орнату, ауылішілік автомобиль жолдарына жол жолақтарын сызу және қоқыс қалдықтарын төгетін алаңшаларды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. 54 тұрғын үйдің алдына төгілген құрылыс материалдары, Ынтымақ ауылындағы 3 тұрғын үйдің алдына төгілген құрылыс материалдары алынды. Жайық жағалауына 6 рет сенбілік жұмыстары жүргізіліп, 12 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды. Округ көлемінде орналасқан 28 кәсіпкерлік нысанға қасбеттерін жаңарту туралы хабарлама беріліп, 3 кәсіпкерлік нысан жаңартты. Өңірлік жоспар бойынша Есбол ауылында 1700 ағаш және Жамбыл орта мектебінің ауласына 25 шырша мен 200 қара ағаш отырғызылды, - дейді Есбол округінің әкімі Асхат Төлешұлы.
ЕЛТАЙДА ЖӘШІКТЕР ЖАҢАРДЫ
Тұрғындардың өз аулаларындағы тазалықты қамтамасыз ету мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін Елтай, Аққала ауылдары бойынша әр аумаққа жауапты мекеме басшысы мен учаскелік полиция қызметкерін бөлу арқылы тұрғындарға жадынама тарату, тазалықты сақтамаған жағдайда заңды түрде шара қолдану туралы түсінік жұмыстарын жүргізуден басталды. Акция аясында 650 дана жадынама қағаздары таратылып, 15 тұрғынға әкімшілік хат- тама толтырылған. Жайық жағалауы маңындағы тұрғын үйлердің иелеріне ескерту парақшалары таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілген. Көшелерге қосымша 90 дана қоқыс жәшіктері орнатылыпты. Аққала ауылындағы ауыл ішінде орналасқан орыс зираты қоршалып, ауласы ретке келтірілгенін де білеміз. Елтай, Аққала ауылдарындағы қоқыс алаңдары техникамен тазартылып, елді мекендердегі тұрғындардың аулаларындағы, ауылдағы саябақтардағы, көшелердегі ағаштардың қураған бұталары кесілді. Күзгі тазалық айлығын округ аумағындағы мекеме аулаларына, саябақтарға 1000 дана тал отырғызылды. Елтай, Аққала ауылдарындағы барлық көшелер бойындағы тікенек шөптерді шабу жұмыстары ұйымдастырылып, 3 тонна шөп шабылды,-дейді ауылдық округ әкімі Дулатбай Сариев. Сонымен қатар Елтай ауылындағы 6 көше, Аққала ауылындағы барлық көшелерге жаңадан көше жарық шам - дары тартылды. Округ аумағындағы қолданыстағы баннерлер жаңартылды. Елтай, Аққала ауылдарындағы 10 азық- түлік дүкеніне қасбетін, айналасын рет- теу туралы ескерту парақшалары тара- тылды. Елтай, Аққала ауылдарындағы жол белгісіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 22 дана жол белгісі жаңартылды.
ӨРЛІКТІКТЕР ӨЗІНДІК ҮЛЕСІН ҚОСТЫ
Өрлік ауылдық округі бойынша да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының іс-шара жоспары бекітіліп, ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы топ жұмыс істеген. Құрылған уақыттан күні бүгінге дейін топ мүшелері 134 тұрғын үйді аралап, заң талаптарын жеткізген. 9 тұрғынға учаскелік полиция инспекторымен ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 505-бабы 1-бөлігімен елді мекенді абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін хаттамар жасақталып, ескерту берілгені белгілі болды. Округ бойынша орналасқан мекемелердің, кірмежол, ауылішілік автомобиль және жаяу жүргіншілер жолдарының бойы, балалар ойын алаңының шөптері шабылып, арнайы қоқыс алаңына төгіліпті. Округ аумағындағы баннерлер жаңартылып, 3 бильборд орнатылды. Кәсіпкерлік нысандардың қасбеттері жаңартылып, тозығы жеткен маңдайша жазулары ауыстырылды. Округ аумағындағы жол белгілерін қалыпқа келтіру жұмыстары жыл соңына дейін жалғаса береді. Өңірлік жоспар бой - ынша 1000 тал түп ағаш отырғызылды,- дейді ауыл әкімі Мұратбек Қаженов.
КӨКТОҒАЙДА ЕНДІ КӨШЕТ КӨП
Ауылдық округ бойынша тұрғындарға түсіндірме жүргізу кестесі жасақталып, әр топқа көшелер бекітіліп берілген. Күні бүгінге дейін топ құрамы арқылы 126 тұрғын үйге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 200 тұрғын үйге ескерту хаттары жолданған екен. Сонымен қатар 8 тұрғынға учаскелік полиция инспекторымен құрылыс материалда - рын көшеде сақтағаны үшін хаттама толтырылып, ескерту жасалған. Ал ауылдағы бюджеттік мекемелер өз аулаларын және көше беттерін, айналадағы қоқыстардан, шөптерден тазартқан. Ақылы қоғамдық жұмысшылар мен ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері бірлесіп екі рет Жайық өзені жағалауын қоқыстан тазартқан. Сонымен қатар, ауыл көшелеріндегі ескі баннерлер жаңартылған. Ауыл әкімі Қайрат Табылдиевтен білгеніміздей, мұнда тазалық жұмыстарына бір трактор тіркемесімен және «Газ 53» жүк көлігі арқылы тұрмыстық қалдықтар арнайы орынға жөнелтілген. Өңірлік жоспар бойынша 1000 тал ағаш отырғызылған.
БӨДЕНЕ БАҚЫЛАУДА ҰСТАП ОТЫР
Бөдене ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде 9 бөлімнен тұратын іс-шара жоспары бекітіліп, 25 сенбілік өтіпті. Акция барысында 285 үйге жа - дынамалар таратылып, кәсіпкерлік нысан иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 7 тұрғынға учаскелік полиция қызметкері мен округ әкімшілігі тарапынан ескерту шаралары алыныпты.
– Қоқыс алаңына арнайы ауыр техникалармен ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Ауыл тұрғындарының аулаларындағы, саябақтардағы қураған 102 түп ағаш кесіліп, шығарылды және өте биік өсіп, электр желілеріне қауіп төндіріп тұрған 51 ағаш жартылай кесілді. Ауыл ішіндегі 3 саябақтың, ауылға кірме жолдың, ауылішілік жолдардың бойлары арам шөптерден тазартылып, жасыл желек белдеуінің 800 метр қоршауы жаңартылды. Ауылдағы Бөдене орта мектебі, балабақша, ауылдық дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі сынды мекемелерден арнайы ұйымдастырылған сенбілікке 85 адам ұйымшылдықпен қатысып, ме- кеме аулаларының іші- сырты тазаланып, мекеме маңы ретке келтірілді. Ауылда 1000 түп жас көшет отырғызылды. Сенбілік барысында МТЗ-82 тракторы тіркеме, тиегішімен жұмыс атқарып, арнайы қоқыс алаңына 25 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды. Округ әкімі аппаратының қызметкерлері мен ақылы қоғамдық жұмысшылардың күшімен ауылға кірмежол бойы, жол бойындағы 3 аялдама, автотұрақ апта сайын үнемі тазартылып отыр,-дейді ауыл әкімі Шырай Мерғалиева бізбен тілдескенде.
ТҮЙІН ПРЕЗИДЕНТІМІЗДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАННЫҢ» АЙМАҚТАРДА САПАЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСУЫНА ӘКІМДЕР ТІКЕЛЕЙ ЖАУАПТЫ ЕКЕНІН АЙТЫП, ЖҰМЫСТЫ ДҰРЫС ҮЙЛЕСТІРУ КЕРЕКТІГІН СӨЗ ЕТКЕН ЕДІ. ДЕГЕНМЕН, ӨЗІМІЗ ҮШІН ДЕ, МЕМЛЕКЕТ ҮШІН ДЕ МАҢЫЗДЫ ІСТЕН ӘРКІМНІҢ ШЕТ ҚАЛМАҒАНЫ ДҰРЫС-АҚ.
Сұңқар КӨШЕКОВ
Индер ауданы