Таза Қазақстан: жастар арасында пікірсайыс турнирі өтті

(0 Votes)

Атырау облысында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – таза аймақ» атты пікірсайысы турнирге студенттер мен жұмысшы жастардан құралған 12 команда қатысты.

 Турнир жастардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру, туған өлке табиғатын аялау, экологиялық мәдениетті дәріптеу мақсатында өтті.

Атырау қаласы жастар ресурстық орталығының маманы Нұрмұхан Тілеген жастар арасында ұйымдастырылатын экологиялық шаралар жалғасын табатынын айтты.

- «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы шаралар облыста ауқымды түрде өтіп жатыр. Бүгінгі турнир соның көрінісі. Қатысушылар өлкенің өзекті мәселесін қозғап, ортақ шешімін ұсынуда. Сондай-ақ тың ақпараттармен бөлісіп, мәселеге қатысты пікірін ашық түрде білдіруде. Экологиялық қозғалысты дамытуға бағытталған іс-шара легі мұнымен тоқтамайды,-деді Н.Тілеген.

Пікірcайысқа қатысушы Шұғыла Болғанбайдың пікірінше, турнир интеллектуалдық біліктілікті шыңдап қана қоймай, жаңашыл идеялар арқылы ел дамуына үлес қоспақ.

- Дебатқа аймақтың ахуалына бей-жай қарамайтын жастар жиналды деп білемін, себебі мұнда өзекті экологиялық мәселелер көтерілуде. Әр адам өлкені аялауды өзінен, күнделікті әдетінен бастаған дұрыс. Сонда ғана оның бойындағы жауапкершілігі артып, экологиялық мәдениеті жоғары болады деп сенемін, - деді Ш.Болғанбай.

Турнирдің жалпы жүлде қоры - 150 000 теңге. Үздік спикерлерге қаржылай сыйлық беріліп, алғыс хатпен марапатталды. Бүгінге дейін «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акцияларға 60 мыңнан астам адам қатысып, 1477 техника жұмылдырылып, полигондарға 1726 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT