Махамбет ауданында “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Акцияға Махамбет ауданының әкімі Қайрат Есқабылұлы қатысып, мекеме басшылары және ұйым қызметкерлерімен бірге 220 түп тал отырғызды.
Алдағы күзгі маусымда тағы 1200 түп ағаш егу жоспарланып отыр. Аудандағы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жыл сайын тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Г.СӘДУАҚАС



