Таза болашаққа – батыл қадам

Таза болашаққа – батыл қадам
(0 Votes)

Осыдан тура бір жыл бұрын, 2024 жылдың сәуір айында, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің барлық өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын бастау туралы бастама көтерген еді...

Бұл біз үшін жаңалық емес, өйткені жыл сайын көктемде, ондаған жылдар бойы, біз бәріміз сенбіліктерге шығып, аумақты тазалау және көркейту бойынша екі айлық тазалық жұмыстарын жүргіземіз. Бірақ осы жолы «Таза Қазақстан» бағдарламасының атауы ерекше ұнады. Біздің еліміз тек тазаланып қана қоймай, жаңартылуы тиіс. Бұл — таза болашаққа жасалған қадам. Мұндай бастама мемлекеттің, бизнестің және қоғамның экологиялық мәселелерді шешуге және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған күш-жігерін біріктіруге арналған.

Біздің ауданымызға келер болсақ, 2025 жылы наурыздың басында, ауа райы жылыған сәттен бастап, Көрісу мейрамы алдында біз ауылдың ішіндегі және айналасындағы аумақты көркейту жұмыстарын бастадық.

Округте барлығы шамамен 1,5 адам тұрады. Көптоғай ауылы Құрманғазы ауданы мен Ресейдің шекарасында орналасқан. Бұл аймақтың табиғаты ерекше: бір бөлігі құмды, екінші бөлігі жасыл шалғынды. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында Каспий теңізі осы жерлерге дейін жеткен, адамдар балық аулаумен айналысқан, бірақ кейінірек теңіз қайтып кетіп, бұл жерлер мал шаруашылығына қолайлы болды.

Бірақ өндірістің болмауы салдарынан жас ауыл тұрғындары аудан орталығына және Атырау қаласына қоныс аударуға тырысады. Ал,басқасының бәрі жақсы, табиғаты тамаша, спорт және балалар ойын алаңдары бар. Не ексең де, бәрі өседі. Ендеше, бүгінгі басты міндетіміз — тазалықты сақтау және біз бұл жұмысты қуана атқарамыз.

Бауыржан КАРИМОВ, 

Көптоғай ауылдық округінің әкімі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT