21-23 шілде аралығында республика аумағында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға бақылауды күшейту, сондай-ақ жеке тұлғалар тарапынан жолаушылар мен жүкті заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау.
Шараға жергілікті атқарушы органдар, көліктік бақылау инспекциясы, мемлекеттік кірістер органдары, «ҚазАвтоЖол» мекемесі және жұртшылық өкілдері қатысуда.
Іс-шара барысында патрульдік полиция батальоны мен әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірлесіп, қалаішілік, ауданаралық жолаушылар тасымалымен айналысатын автобустар мен такси жүргізушілеріне профилактикалық жұмыстар жүргізіп, тиісті заң талаптарын түсіндіруде. Сонымен қатар, қоғамдық көлік салонында орын алатын кез келген құқықбұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын ұстана отырып, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда.