Тасқын қаупі жоқ. Бірақ...

(0 Votes)
Тасқын қаупі жоқ. Бірақ...
фото: aikyn.kz

Былтыр көршілес Қызылқоға ауданына қарасты Миялы ауылынан 8 шақырым жерде орналасқан «Жер су» шаруа қожалығы аумағын Ойыл өзенінің тасыған суы басып, 100-ге жуық мал өлексеге айналды. Сонымен қатар, «Досанқора» шаруа қожалығының 20 қой өлігі тіркелді.

Әрине, Мақат географиялық жағынан шөлейт болып табылғанымен (су тоғандары жоқ), апат айтып келмейтінін ескерсек, аудан көлемінде орналасқан шаруа қожалық иелерінің бейқам отырмағаны керек.

Сондықтан аудандық төтенше жағдайлар бөлімі аудан көлемінде орналасқан шаруа қожалық иелеріне су тасқынының және табиғи өрттердің алдын алу бағытында өздеріне қарасты жайылымдарда қауіпсіздікті сақтау қажет екендігін ескертеді.

Жалпы су тасқыны кезінде өздерімен бірге құжаттарды, құнды заттарды және 2 күндік тамақ қорын алып шығу, малдарды биік жерлерге орналастыру, көмек қажет болған жағдайда «112» нөміріне телефон шалу керек.

С.Елеубаева,

Мақат ауданының ТЖБ бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521