Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізілген брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ермаханбетов баяндады.
2022 жылы Атырау облысында Әдеп жөніндегі кеңестің 7 отырысы өткізіліп, 70 мәселе қаралды, оның ішінде тәртіптік істер – 28, профилактикалық мәселелер – 42.
2022 жылғы Әдеп жөніндегі кеңестің отырыстары 2021 жылға қарағанда 30%-ға азайса, ондағы қаралған тәртіптік істер 15%-ға төмендеген.
Сонымен қатар, Кеңес отырыстарындағы қаралған профилактикалық мәселелер 2021 жылмен салыстырғанда 40%-ға артқан.
Әдеп жөніндегі кеңеспен лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану туралы 19 ұсыным енгізілді, оның ішінде Әдеп кодексінің бұзушылықтары үшін – 10 немесе 53 % (2021 жылмен салыстырғанда 16, 7 %-ға азайған), мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін – 9 немесе 47 % (2021 жылмен салыстырғанда 22, 2 % көбейген).
Анықтама үшін: «ескерту» – 2 (немесе 10, 5 %), «сөгіс» – 1 (немесе 5,3 %), «қатаң сөгіс» – 5 (немесе 26, 3 %), «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» – 10 (немесе 52, 6 %), «атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару» – 1 (немесе 5, 3 %) түріндегі тәртіптік жазалар берілді.
Атап өту қажет, Әдеп жөніндегі кеңес тәртіптік істерді қарап қана қоймай, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауға да бағытталған. Мәселен, тәртіптік істердің 32%-ы мемлекеттік қызметшілердің кінәсінің болмауына және бұзушылықтың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды.
Әдеп жөніндегі кеңеспен 460 ұсыным берілді, оның ішінде әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша – 338, қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алуға бағытталған шараларды іске асыру бойынша – 103.