Тапшы дәрі-дәрмектер ауылдық жерлерге сәрсенбі мен бейсенбі күндері жеткізіледі

(0 Votes)

Аймаққа тапшы дәрі-дәрмектер кеше арнайы көлікпен қаладағы сақтау орындарының біріне жеткізілді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бүгін түстен кейін дәрі-дәрмектерді қаладағы ірі дәріхана желілеріне жөнелту басталды. Нақтырақ айтқанда, дәрі-дәрмектер «Семейное», «На Гурьевской», «Гиппократ», «Большая аптека» және «Социальная аптека» дәріханаларына жеткізілетін болады. Ал, дәрілерді облыстың ауылдық жерлеріне жеткізу сәрсенбі және бейсенбі күндерге жоспарланып отыр.

-Біз бір апта бойы дәрісіз жұмыс істеп, тек қордағы дәрілерді ғана шығардық. Дегенмен, қазіргі уақытта қалада бұл мәселе шешімін табуда, тапшы болған «Цефазалин», «Метрид», «АСС», «Азитромецин» дәрілері келді. Апта соңына қарай дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі толық шешіліп, барлығы қалпына келеді деп ойлаймын, — деді «Большая» дәріханасының фармацевті Ляйла Истебаева.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңірде дәрі тапшылығын жедел жою жөнінде тиісті тапсырмалар берген болатын. Осыған байланысты Алматыдан дәрі-дәрмектердің қажетті партиясы жеткізілді. Атап айтқанда, дәрі-дәрмектің 430 түрі әкелінген. Оның 50-ге жуығы – антибиотиктер, азитромицин, цефазолин, цефтриаксон және инъекцияға арналған лидокаин ерітіндісі сынды препараттар. Сонымен қатар, бір адамға сатылатын дәрі-дәрмек санына шектеу қойылады.

depti.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT