Тәртіп сақшылары тренинг өткізді

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. «Балалар жылы» аясында кәмелетке толмағандардың құқықтық сауттылығын қалыптастыру, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттау, олардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру және қауіпсіздік шараларына үйрету мақсатында 11-15 сәуір аралығында аудан аумағында «Мен және менің полицейім» акциясы өткізілуде.


Акция барысында полиция қызметкерлері оқушыларға «Полиция - дос және қорғаушы» тақырыбында оқушыларға қоғамдық орындардағы бейтаныс адамдармен сөйлесу кезіндегі мінез-құлықтары жайлы, жол қозғалысының ережелері туралы дөңгелек үстел, тренинг өткізілуде. Тренингке қызығушылықпен қатысқан оқушылар, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.
Сонымен қатар жоғары сынып оқушыларымен жыныстық қол сұғылмаушылық тақырыбында және оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«МТ»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT