Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес – Жаңа Қазақстанның басым міндет

Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес – Жаңа Қазақстанның басым міндет
фото: www.gov.kz
(0 Votes)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлықты жою үшін бүкіл қоғам күресуге тиіс. «Түпкі мақсат - сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру. Жемқорлықты жою үшін оған бүкіл ел болып қарсы тұруымыз керек. Жемқорлыққа қатысты қылмыстарды аңықтау және ашу жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет. Сонда ғана жемқорлықпен табанды түрде күресе аламыз деген болатын Мемлекет басшысы».

Біздің азаматтық ойлауымыз сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір көрінісіне кедергі келтіруі тиіс. Әрқайсымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жалпы ісіне өз үлесімізді қоса аламыз: жеке, қоғамдық және кәсіби өмірде сыбайлас жемқорлық әдістерін қолдануға жол бермеу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың белгілі фактілері туралы хабарлау, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру. Қазақстан Республикасының әр азаматы кез келген жерде, өз отбасында, әріптестер мен достарының арасында, жалпы айтқанда қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе, бұл індеттің жолын кесуге болады.

Әрбір қоғам дамуының жақсы жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.

М.Е.Уралова,

Мақат аудандық қазынашылық басқармасының басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT