Студенттер арасында есірткі қылмысының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Студенттер арасында есірткі қылмысының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
(0 Votes)

ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері колледж студенттері арасында есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара аясында Сармат мамандандырылған мектеп, Атырау медициналық колледжі және Атырау энергетика және құрылыс колледжінің жатақханаларында рейдтік түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

Полицейлер студенттерге алда келе жатқан жазғы демалыс кезінде «жеңіл ақша» мен «жеңіл жұмыс» іздеп, есірткінің заңсыз айналымына қатысты жасалатын қылмыстың салдары туралы ескертті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау және сату әрекеттері үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік бойынша заң аясында кеңінен түсініктеме берілді.

Шара барысында Атырау облыстық ПД Кинология қызмет орталығының мамандары студенттерге есірткі іздеу бағыты бойынша қызметтік ит Ханның көмегімен практикалық мастер-класс көрсетті. Бұл көрініс жастардың қызығушылығын тудырып, есірткімен күрес саласындағы нақты жұмыстармен танысуына мүмкіндік берді.

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT