«Спорт-есірткіге қарсы»: Атырауда жасөспірімдер арасында эстафеталық жарыс өтті

«Спорт-есірткіге қарсы»: Атырауда жасөспірімдер арасында эстафеталық жарыс өтті
(0 Votes)

Атырау облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттерге, оның ішінде есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында Атырау сервис колледжінің студенттеріне эстафета ұйымдастырды. 

Спорттық шараға студенттерден құралған 4 команда қатысты. Нәтижесінде, «Арман» командасы топ жарып, 1 орынды қанжығасына байлады. «Ұлан» командасы 2 орынды иеленсе, «Жігер» мен «Жалын» командасы 3 орынды иеленді. Жас спортшылар арнайы диплом және медальдармен марапатталып, оларға естелік сыйлықтар ұсынылды.

Іс-шара соңында Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Қуандық Салешов жасөспірімдерге нашақорлық пен синтетикалық есірткінің зияны, оның қазіргі қоғамдағы кең таралуы және есірткінің заңсыз айналымына көзделген қылмыстық жауаптылық жөнінде ақпарат берді.

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT