Си Цзиньпиннің сапары – Қазақстанға деген ерекше сенімнің белгісі

Си Цзиньпиннің сапары – Қазақстанға деген ерекше сенімнің белгісі
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
(0 Votes)

16-17 маусымда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға тағы да келеді. Бұл Қытай көшбасшысының елімізге алтыншы сапары – орнықты сенім мен стратегиялық жақындықтың ерекше көрсеткіші. Айта кету керек, Қазақстан Си Цзиньпин 2022 жылы пандемиядан кейін барған алғашқы ел болды. Осыдан бір жыл бұрын, 2024 жылдың шілдесінде ҚХР басшысы Астанаға мемлекеттік сапармен келіп, ШЫҰ саммитіне қатысты.

Енді Си Цзиньпиннің сапары бүкіл өңір үшін маңызды саяси оқиғалардың бірі саналатын «Орталық Азия-Қытай» екінші саммитіне орайластырылып отыр. Қазақстан тағы да қабылдаушы мемлекет болып, өзінің өңірлік дипломатия мен диалог орталығы мәртебесін растады.

Си Цзиньпиннің 2013 жылы Астанада алғаш рет жаһандық «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының бастауы болған «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасын жариялауы да ерекше символизм береді. Қазақстан онда әуел бастан-ақ халықаралық интеграцияның сенімді серіктесі және белсенді қатысушысы ретінде басты орынды иеленді.

Өткен жылы сөйлеген сөзінде Си Цзиньпиннің: «Біз қазақстандық әріптестерімізбен иық тірестіре отырып, бірлескен өркендеу мен ұлттың жаңғыруына, қытай-қазақ достығының жаңа көкжиектеріне жол салуға дайынбыз» деп атап көрсеткені бекер емес.

Екі елдің тығыз ынтымақтастығы халықаралық аренада нақты нәтижелер әкеліп жатқанын айта кеткен жөн. Қазақстан мен Қытай жаһандық күн тәртібінің түйінді мәселелері бойынша – қауіпсіздіктен тұрақты дамуға дейін ұқсас ұстанымдарға ие, БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және басқа да халықаралық платформалар аясында белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Әділ және тұрақты әлемдік тәртіпке деген көзқарастарды бірлесіп ілгерілету Қазақстан-Қытай әріптестігін екіжақты ғана емес, сонымен бірге жаһандық маңыздылыққа да ие етеді.

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT