Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы
Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104, 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17 қаулысына және «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №26 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы №27 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №31 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі №32 қаулысына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуін ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін.
Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
- Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 28 мамырдағы №45 қаулысына сәйкес Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын.
3.Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын барлық компаниялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар қамтамасыз етсін:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы», «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67, №68 қаулыларының талаптарына сәйкес шектеу және карантиндік шараларды қатаң түрде орындау;
2) «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17 қаулысына сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлерінің шығуына (кіруіне) қойылатын талаптарды сақтау. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындарындағы жұмысшылар COVID-19-ға қарсы екпенің толық курсын (вакцинацияның толық курсынан кейін 14 күн өткен соң) алғаны туралы құжаты болғанда COVID-19-ға ПТР әдісімен тексерілмейді және оқшаулануды қажет етпейді. Екпе алмаған, COVID-19-ға ПТР тестілеудің теріс мәнді нәтижесі бар жұмысшылар 7 күн оқшаулауға жатады.
COVID-19-бен сырқаттанған науқаспен қарым-қатынаста болған (жақын қарым-қатынаста) адамдар вакцинациялаудың толық курсын (вакцинацияның толық курсынан кейін 14 күн өткен соң) алғанын растайтын құжаты болған жағдайда аурудың клиникалық белгілері болмаса ПТР әдісімен тексерілмейді және оқшауланбайды. Вакцина алмаған, жақын қарым-қатынаста болған, COVID-19-ға ПТР тестілеудің теріс мәнді нәтижесі бар адамдар 14 күн оқшаулауға жатады.
3) Вахтаға кірер алдында жұмысшыларды орналастыру үшін ұйымдастырылған карантиндік орындарды «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының №25 қосымшасының талаптарына аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен міндетті түрде келісе отырып сәйкестендіру.
- Атырау облысының тұрғындарына:
1) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмектің 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы үйден дереу медициналық көмекке жүгіну;
2) қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды коспағанда, қоғамдық орындарда, тұрғындардың баруына және демалуына, қызмет көрсетуге арналған орындарда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті;
3) 65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, қажетті тауарларды сатып алу жағдайларын, сондай-ақ медициналық мекемелерге баруды қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға ұсыныс беріледі;
4) барлық облыс тұрғындарына халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, бетперде кию тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтауға ұсыныс беріледі;
5) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, облыс халқы демалатын алаңдарда, скверлерде, жағалауларда, парктерде және өзге де демалатын орындарда 3 адамнан артық топталып жиналуға тыйым салынсын;
- «Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан тоқтатылсын:
1) көпшілік іс-шараларды (мерекелік, көпшілік мәдени іс-шараларды, көрмелерді, корпоративтерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
2) ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, жабық үй-жайдағы, соның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі балалар ойын-сауық орталықтары мен аттракциондардың, ойын алаңдарының (ауладағыларды қоспағанда), кальян, букмекерлік кеңселердің, ойын клубтарының, түнгі клубтардың, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің қызметіне;
3) көрермендері бар спорттық іс-шараларды өткізуге;
4) ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрлерінің жұмысына (демалыс саябақтарында, алаңдарда), бассейндері бар аквапарктердің;
5) алаңдардағы, саябақтардағы, скверлердегі, жағалаудағы балалардың, ересектердің жылжымалы ойын құралдарының ұсақ бөлшек саудасына, жалға беруге;
6) қаларалық, облысаралық, қалалық жүйелі және жүйелі емес автобус және шағын автобус тасымалдарына;
7) жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды оффлайн режимде өткізуге, тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізуге рұқсат етумен;
- Әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеу:
1) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80%-ын «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыруды қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс жасау үшін ұйымдар, офистер қызметкерлерін COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда егілмеген қызметкерлер арасынан пайыздық арақатынасын ескеріп жүзеге асырады. Бұл ретте соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдардың және CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі;
2) «Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан банктердің, «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі–ХҚКО), оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс уақытын 09.00-ден 18.00-ге дейін шектеумен ұйымдастыру, сенбі және жексенбі күні жұмыс жасауға тыйым салу. Карантин шараларын сақтау үшін ХҚКО-ға және мамандандырылған ХҚКО-ға алдын ала Egov.kz, «EgovKZBot 2.0» телеграмм-ботпен брондау арқылы бару ұсынылады;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет орталықтарындағы мемлекеттік кірістер мекемелерінің жұмысы жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастырылсын. Карантин шараларын сақтау үшін мемлекеттік кірістер органдарына (Атырау қ. бойынша МКБ-ы) www.kgd.gov.kz сайты, E-salyq мобильді қосымшасы арқылы алдын ала брондау немесе қалған өңірлердегі аумақтық басқармаларға қоңырау шалу арқылы алдын ала жазылу бойынша халыққа қызмет көрсету ұсынылады;
4) сабақтан тыс уақытта топтарда оқушыларды жеке оқыту, балалар түзету (коррекция) кабинеттері, балаларға және ересектерге білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балаларға арналған курстар (15 адамнан аспайтын топтар) жазылу бойынша жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан сенбі, жексенбі күндері жұмыс жасауға тыйым салу;
5) мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарының (саны 15 баладан аспайтын) жатын бөлмелеріндегі кереуеттер арасындағы қашықтық кемінде 1 метр болуын сақтау;
6) балаларды сауықтыру ұйымдарының жұмысы 30%-дан артық емес толтырумен;
7) медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматологиялар алдын ала жазылу бойынша;
8) халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілер (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері және т. б.) толтырылуы 50%-дан артық емес;
9) діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) толтырылуы 30%-дан аспайтын және бір келушіге кемінде 5 м2 қамтамасыз ете отырып, жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей жұмыс күндері жұмыс істеуге рұқсат етілсін, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады;
10) азық-түлік сататын жабық және азық-түліктік емес жабық және ашық базарлардың жұмыс кестесі – күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаумен жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салумен;
11) азық-түлік сататын ашық базарлардың жұмыс кестесі – күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаумен жұмыс күндері және сенбі күні сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салумен;
12) «Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан сауда үйлері мен сауда-ойын сауық орталықтарына (павильондар, бутиктер), сауда желілеріне тек жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (толтырылуын объект сыйымдылығының 30%-нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес) жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, олардың ішінде орналасқан азық-түлік супермаркеттерді, дәріханаларды және CОVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауына тыйым салынады.
13) қоғамдық тамақтану объектілеріне, фудкорттарға, соның ішінде жазғы алаңқайларға сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін 20.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын, бір үстелде 4 адамнан артық отырғызбауды қамтамасыз етіп) жұмыс жасауға рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады (тамақты жеткізуге бойынша жұмысқа рұқсат беріледі);
14) сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер алдын ала жазылу бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (объектінің толтырылуы 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр есебімен) рұқсат етіледі, «Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады;
15) спорт кешендері, фитнес орталықтар, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру объектілері, спорт және жаттығу залдары алдын ала жазылу бойынша тек қана жұмыс күндері сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілері үшін 20.00-ге дейін (толтырылуы объект сыйымдылығының 50%-ынан асырмай 1 келушіге кемінде 5 ш.м есебінен), сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.
16) сауналар, СПА орталықтары, бассейндер алдын ала жазылу бойынша тек қана жұмыс күндері 07.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілері үшін 20.00-ге дейін (толтырылуы объект сыйымдылығының 50%-ынан асырмай 1 келушіге кемінде 5 ш.м есебінен), сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады;
17) мәдени нысандардың, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының, филармониялардың қызметіне жұмыс күндері 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілері үшін 20.00-ге дейін сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады;
18) компьютерлік клубтардың, караоке, бильярд, боулингтерге сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін 20.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей) жұмыс жасауға рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.
- Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режим сақталсын. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі. Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі.
- Қоғамдық көліктің жұмыс режимі жұмыс күндері және сенбі күні сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін, қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік желіде максималды шығуымен, барлық есіктерін ашуымен белгіленсін, жексенбі күні жұмыс істеуге тыйым салынсын. Соңғы аялдамаларда қоғамдық автокөліктерге күнделікті дезинфекция жүргізу қамтамасыз етілсін. Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс. Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен) кіруге рұқсат етіледі.
- Карантиндік және шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы жандандырылсын, мониторинг кестесіне сәйкес күнделікті тексеруді және облыс әкімдігі мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ақпарат беру қамтамасыз етілсін;
- Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамтамасыз етсін:
– «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» №68, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі №31 қолданыстағы қаулылары талаптарының орындалуын;
– облыс бойынша Үйлестіру орталықтарының жұмысын жандандыру, карантиндік шаралардың бұзылуы туралы шұғыл хабарламалардың уақтылы ұсынылуын;
- Атырау облысының Полиция департаментіне:
– шектеу шараларын сақталуы бойынша патрульдер ұйымдастырсын, егер жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталса, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына дереу материалдар жіберсін;
- Атырау облысының Ішкі саясат басқармасына:
– бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы халықты хабардар етсін;
– облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулау және оның таралу қаупін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жариялау жүргізуді қамтамасыз етсін.
- Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 маусымдағы №13 «Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» және 2021 жылғы 4 шілдедегі №14 «Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ә.А.Бекешеваға жүктеймін.
- Осы қаулы 2021 жылғы 17 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
М.Танауов,
Атырау облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері