ШҰҒЫЛ! Атырауда жаңа бас сандәрігер Қаулысы шықты

(0 Votes)

«Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды  күшейту туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 наурыздағы №5 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуін ескере отырып,  

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 наурыздағы №5 «Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) 5 тармақта  ойын-сауық объектілеріне қатысты тармақша мынадай редакцияда мазмұндалсын:

– ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, балалар ойын-сауық орталықтары мен аттракциондардың, барлық түрдегі ойын алаңдарының (ауладағыларды қоспағанда), алаңдарда, парктерде, скверлерде, жағалауларда балалар мен ересектерге арналған жылжымалы ойын құралдарын жалға беруге, уақытша шағын бөлшек саудаға, түнгі клубтардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, бильярд, боулингтердің, букмекерлік кеңселердің, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда) қызметіне;

2) 6 тармақта қоғамдық тамақтану объектілеріне қатысты тармақша мынадай редакцияда мазмұндалсын:

– қоғамдық тамақтану объектілеріне күн сайын сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, толтырылуы 50%-ға дейін, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын, бір үстелде 4 адамнан артық отырғызбауды қамтамасыз етіп), жексенбі күні жұмыс жасауға тыйым салумен, фудкорттар тек жеткізу және әкетумен сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат етіледі;

3) 6 тармақта азық – түлік емес дүкендерге қатысты тармақша мынадай редакцияда мазмұндалсын:

– сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталықтарына (павильондар, бутиктер) тек қаңа жұмыс күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін (толтырылуы объект сыйымдылығының 30% – нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес) жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, олардың ішінде орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауына тыйым салынады.

4) 5 тармақ мынадай тармақшамен толықтырылсын:

– қасиетті «Рамазан» айы кезеңінде бірге тұратын бір отбасы мүшелері арасындағы «Ауызашарды» қоспағанда, ұжымдық іс-шара «Ауызашар» өткізуге тыйым салынсын;

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асырып отырған Атырау облысының тиісті аумақтағы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары  Г.А.Ирбатыроваға жүктеймін.
  3. Осы қаулы 2021 жылғы 07 сәуірде сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.

М.Танауов,

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық  дәрігері

atr.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT