«Атырауға шетелден келген жолаушылардың ешқайсысынан COVID-19 анықталған жоқ»-деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің мәліметінше, Атырауға 10 -19 қазан аралығында шетелден 5 әуе рейісі ұшып келген. Халықаралық әуе рейспен барлығы 523 адам келді. Олардың 64-інде COVID-19-ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан карантиндік стационарларға жатқызылды.
⠀
Алайда, барлық жолаушылардан коронавирус жұқпасына сынама алынып, зерттеу нәтижелері теріс болып, ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді.