ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2023 жылда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде 35 487 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыларды ұстады. Оның 1094 -і шетел азматтары.
Мемлекеттік шекара арқылы 8 026 соның ішінде:
444 – есірткі заттары, жалпы салмағы 1 тоннадан астам;
389 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (36 дана ату қаруы, 986 дана оқ-дәрілер, 4 001 дана суық қару, 125 арнайы құралдар);
279 – діни әдебиеттер (7 103 дана);
3 112 – жалпы сомасы 213 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (429 107 литр);
2 986 – жалпы сомасы 12,4 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
816 – жалпы сомасы 11,7 млрд теңгеден астам валютаны заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды.
Каспий акваториясында 384 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:
жалпы ұзындығы 738 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
3 463 дана (20 276 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
45 332 дана (67 899 кг) ұсақ тұқымдас балықтар;
23 250 дана (10 238 кг) шаян тұқымдастар.
Алды алынған залал сомасы 7 млрд астам теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
ҰҚК баспасөз қызметі