Суға батып бара жатқан адамды құтқарамын деп қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан Атырау қаласының жол-патруль полициясы батальонының қызметкері Шалқар Ақымғалиев III дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.
Ержүрек ұлды дүниеге әкеліп, тәрбиелеген Шалқардың анасы Ләззат Мұқановаға Алғыс жарияланды.