Сертификаттарды беруге бақылау күшейтілді

Сертификаттарды беруге бақылау күшейтілді
фото: egemen.kz
(0 Votes)

Тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сәйкестікті растау саласындағы жосықсыз практикаға қарсы іс-қимыл мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында заңнама талаптарын бұза отырып ресімделген құжаттар негізінде әкелінетін өнім айналымына бақылау күшейтілді. Бұл ЕАЭО елдеріндегі сәйкестікті растау жөніндегі органдар нақты сынақ жүргізбей және белгіленген рәсімдерді айналып өтпей беретін сертификаттар мен декларацияларға қатысты.

Сәйкестікті бағалау туралы құжаттар қашықтан және көбінесе нақты зертханалық сынақтарсыз ресімделетін, азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретін, сондай-ақ өнімді Қазақстан Республикасының аумағына бес жылға дейінгі мерзімге шектеусіз әкелуге ықпал ететін қалыптасқан жағдай. Осыған байланысты бақылауды қатаңдатуға және анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған жүйелі шаралар қабылданды.

"Сұр схемалардың" жолын кесу жөніндегі Ұлттық аккредиттеу және бақылау жүйелеріне өзгерістер енгізілді. Мәселен, Қырғыз Республикасында сәйкестікті растау жөніндегі өкілеттіктер жеке ұйымдардан "Қырғызстандарт"мемлекеттік кәсіпорнына берілді. Жүргізілген мониторинг жүйе реформаланғаннан кейін Қырғызстаннан өнім әкелу кезінде ұсынылған құжаттар саны 185 367-ден 88 164-ке екі есеге дейін төмендеді. Бұл үрдіс биылғы кезеңде де сақталып отыр.

Интернет желісінде жарамсыз құжаттардың таралуына қарсы іс-қимыл шеңберінде 2024 жылдың басынан бастап сертификаттарды мемлекеттік аккредиттеусіз сату бойынша ұсыныстар орналастырған 76 веб-ресурс бұғатталды. Сондай ақ ірі сауда платформаларына ресми хабарламалар жіберілді. Бұл Satu.kz және OLX тиісті жарнамаларды жою қажеттілігіне қатысты. Осындай құжаттар бойынша ресімделген импортты талдау көрсеткендей, ең үлкен үлес Ресейге — 61%, Қырғызстанға — 32%, Арменияға — 2,5% және Беларуссияға — 1,2% тиесілі.

Аталған шараларға қосымша заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттардың күшін жою бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Талдау нәтижелері бойынша ЕАЭО елдерінің органдары берген сәйкестікті бағалау туралы 1 042 құжат жарамсыз деп танылды, оның ішінде 576 — 2023 жылы, 435 — 2024 жылы және 31 — биылғы жылы. Сондай-ақ, 105 аккредиттеу аттестатының күші жойылды және тоқтатылды, оның ішінде техникалық реттеу комитетінің аумақтық департаменттері-31 және ҰАО-74. 2024-2025 жылдары 4 977 көлік құралы тексерілді, оның 122 — сі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді, соның 98-і экологиялық сипаттамалар бойынша.

Көрсетілген әрекеттер Қазақстан Республикасының тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, Техникалық реттеу жүйесін жетілдіруге және дәйексіз құжаттарды пайдалануға байланысты тәуекелдерді жоюға бейімделгенін растайды. "Сұр схемалармен" күрес ЕАЭО мемлекеттерінің уәкілетті органдарымен тығыз өзара іс-қимылда жоспарлы және жүйелі тәртіппен жалғасады.

t.me/saudagovkz/2750

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT