Серік Шәпкенов:  тиісті органдар өрттің шығу себебінің барлық нұсқасын тексеруде

Серік Шәпкенов:  тиісті органдар өрттің шығу себебінің барлық нұсқасын тексеруде
(0 Votes)

Облыс әкімі Серік Шәпкенов жедел штаб отырысында «Ақжайық» резерватындағы өрттің шығу себептеріне қатысты түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желілерде өрттің шығу себептеріне байланысты түрлі болжам айтылуда.   Тиісті органдар менің тапсырмам бойынша бұған себеп болуы мүмкін барлық жағдайды, нұсқаларды жан-жақты тексеріп жатыр», — деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы егер өрттің адам қолымен, әсіресе қасақана қойылғаны анықталса, кінәлілердің заң аясында жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Тексеру нәтижесі  БАҚ-та жарияланатын болады.

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT