«Сардарлар» сапқа тұрды

(0 Votes)

Республика күні қарсаңында №41 мектеп-гимназиясында «Жаса мәңгі, Тәуелсіз Қазақстан!» атты мерекелік кеш өтіп, оқушылар  айтулы мерекенің мән-маңызын  ұғып, ерекше әсерге ие болды.

Алғаш сөз алған  мектеп директоры Қайырғали Азилов ел үшін орны бөлек мерекемен кеш қонақтарын құттықтап, оқушылар жырдан шашу шашты.

Іс-шара аясында мектептегі  «Сардар» әскери патриоттық клубы мүшелері салтанатты түрде ант беріп, клуб құрамына қабылданды. Кеш қонақтары  5546 әскери бөлімінің кинолог мамандары оқушылармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

_ldfkhg

Қызығы мен қиындығы мол әскери салаға қызығушылық білдірген жоғары сынып  оқушыларынан құралған әскери клубтың  телефонға телмірген бүгінгі ұрпақты тәрбиелеудегі ролі зор екені күмәнсіз.

Салтанат Сансызбай

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT