Мәселен, қосымша құн салығының сараланған тарифі енгізілмек. Базалық мөлшерлеме 12 пайыздан 16 пайызға көтеріледі. Тек медицина саласына 10 пайыз мөлшерінде белгіленсе, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер салықтан босатылады.
Жазира Мыңбаева, ҚР ҰЭМ Салық және кеден саясаты департаментінің бас сарапшысы: -Корпоративтік табыс салығына келетін болсақ, бізде Парламентке алдыңғы жылы 28 тамызда енгізілген жаңа салық кодексі шеңберінде корпоративтік табыс салығының сараланған мөлшерлемесі бойынша ұсыныс енгізілген. Ол жерде базалық мөлшерлеме ретінде 20 пайыз қалса, мынау банктік салаға және оның ішінде ойын бизнесіне жоғарылатылған 25 пайыз мөлшерлеме ұсынылып отыр.
Ал мынау әлеуметтік салаға, яғни медицина саласына, білім саласына 10 пайыздық мөлшерлеме ұсынылып отыр. Қазіргі таңда заң жобасына қатысты қоғам тарапынан көптеген ұсыныс түсіп отыр. Бұл ұсыныстардың барлығы ескеріледі дейді министрлік өкілі.