Сарапшы: Атом энергетикасының көмегімен климаттық апаттың алдын алуға болады

Сарапшы: Атом энергетикасының көмегімен климаттық апаттың алдын алуға болады
фото: inbusiness.kz
(0 Votes)

Ядролық энергетикаға жүгіну – заман талабы.

Әрі дамыған елдердегі өркениеттің көрсеткіші. Әлемдегі ядролық электр қуатының үштен бірін өндіретін АҚШ-та атом энергетикасының қазіргі ахуалы қандай?

Ядролық қуат өндіруде қандай қиындықтар бар? Бұл жайында АҚШ-тың бұрынғы энергетика вице-министрімен сұхбаттасқан тілшіміз Талғат Алманов баяндайды.

Ядролық державаға айналған АҚШ-тың атом энергетикасындағы тәжірибесі өзге елдерге үлгі болары анық. Жаһандық ядролық қуаттың шамамен 30%-ын өндіретін бұл ел ядролық инфрақұрылымды дамытуды бұрыннан қолға алған. Себеп – баламалы қуаттың берері мол. «Оның әлеуеті тіпті климаттық апаттың алдын алуға да жеткілікті», - дейді АҚШ-тың бұрынғы энергетика вице-министрі.

Дэниел Понеман, АҚШ-тың бұрынғы энергетика вице-министрі

- Ядролық энергетиканың көмегімен климаттық апаттың алдын алуға болады. Себебі қазіргі кезде көмірдің салдарынан үлкен проблема туындап отыр. Әлемдегі барлық жел мен күн энергия көздерін пайдалансаңыз да, барынша қатаң талаптарды сақтасаңыз да, ядролық энергетиканың мүмкіндігін бере алмайсыз.

Атлантикалық кеңестің Жаһандық энергетикалық орталығының құрметті мүшесі Понеманның айтуынша, Дубайда өткен Климаттық Өзгерістер Конференциясында әлемнің 20-дан астам елі ядролық энергияны пайдалану мөлшерін үш есеге арттыруды бір ауыздан қолдаған. Мұндай стратегиялық қадамға барудың басты себебі – қуат көзін өндірудің дәстүрлі тәсілдері климатқа теріс әсер етуде дейді маман.

Дэниел Понеман, АҚШ-тың бұрыңғы энергетика вице-министрі:

- Қазір технология дамыған заманда қауіпсіздік басты орында тұр. Жалпы, атом энегретикасы көмірге қарағанда әлдеқайда қауіпсіз екені дәлелденген. Билл Гейтстің тілімен айтар болсақ, атом энергетикасы күндіз-түні, жыл он екі ай жұмыс істейтін, және көмірқышқыл газын таратпайтын жалғыз энергия көзі. Сол үшін халыққа дұрыстап түсіндіріп, көзін ашу керек деп ойлаймын.

АҚШ ядролық қуатты өндіруді алдағы уақытта да жалғастыра бермек. Биылдың өзінде ядролық инфрақұрылымды дамытуға қатысты бірқатар заңнама қаралып, ел президенті атом энергетикасын дамытуға кедергі келтіретін лицензиялық процесті жеңілдетуге және ядролық реакторларды іске қосуға бағытталған заңдарға қол қойды.

Авторы: Талғат Алманов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521