Мақат станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызмет атқару аумағында наурыз айының 3-5 күндері аралығында «ҚАРУ» жедел–профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара мақсаты қарулар мен оқ-дәрілерді заңсыз айналымда сату фактілерін анықтау, атыс қаруын қолданумен жасалған қылмыстарды, оның ұрлануын және жоғалуын, заңсыз айналымнан алынуын ескерту, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бойынша сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Осы ретте жедел-профилактикалық іс-шара барысында теміржол вокзалдарында және жолаушылар поездарында атыс қарулары мен оқ-дәрілерді заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау шаралары ұйымдастырылуда.
«ҚАРУ» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында азаматтық және қызметтік қаруы бар объектілеріне техникалық нығайту жүйесінің ықпал ету топтарын анықтау, сондай-ақ қаруды сақтау және қолдану заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
"МТ"