25 ақпан күні “Facebook” әлеуметтік желісінде Атырау қаласы “Самал” ықшамауданы мен “Сарыөзек” елдімекені ортасында шашылған қоқыс бойынша бейнежазба жарияланған болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысы бойынша экология департаменті Х. Доспанова атындағы Халықаралық әуежай өкілімен бірге аталған жерге барып, анықтау жұмыстары жүргізіліп, қоқысты тазалауға тапсырма берілген еді. Бүгінгі таңда Х. Доспанова атындағы Халықаралық әуежайымен келісімге отырған мердігер мекемемен қоқыс орны тазартылды. Құқық бұзушыға қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте тиісті шаралар қабылданады.