Сайлау: Оң өзгерістерге қадам жасалуда

(0 Votes)

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әкімдердің сайлауы тікелей халықтың таңдауымен жүзеге асатынын атап өткен болатын.

2021 жылдың мамыр айының соңында Елбасы сайлау заңнамасына енгізілген түзетулерге қол қойды, соған сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдері енді халықтың дауыс беруі арқылы сайланатын болады. Мұндай өзгерістер саясат пен тұрғындар арасындағы байланысты нығайта түспек.

Қарапайым тілмен айтқанда, жолдардың сапасы, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, әлеуметтік саланы дамытудағы әкімдердің қызметіне жергілікті тұрғындар өз ұсыныстарын айта алады.

Халықтың әкімді өздері сайлауы қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің жұмысының жақсаруына әкеледі.

Қалай болғанда да, қоғамда оң өзгерістер орын алады деп ойлаймын.

Нұрбақыт ДАЙРАБАЕВА,
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы,

заң ғылымдарының магистрі

 

Мақат тынысы

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика