Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің жобасы патенттелді

(0 Votes)

 Сәфи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ғалымдары өздерінің «Өнеркәсіптік ағынды суларды тазалау» бойынша ғылыми зерттеу жобасына патент алды. Мұндай. жетістік университеттің ғылыми әлеуетін арттырып, аймақтағы иновациялық шешімдерді дамытуға тың серпін беріп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. 

Ғалымдар ұсынған зерттеу жұмысы өнеркәсіптік ағынды суларды тиімді тазартуға арналған жаңа әдіс саналады. Зерттеудің нәтижесінде өндірістен шыққан ағынды суды қайта пайдалануға жарайтындай етіп тазалау мүмкіндігі ұсынылған. Бұл өз кезегінде мұнай-газ саласындағы экологиялық мәселелерді шешуге және ресурстарды тиімді пайдалануға ықпал етеді.

- Қазіргі таңда өнеркәсіптік ағынды суларды тиімді тазалау экологиялық тұрғыдан маңызды мәселелердің бірі болып есептеледі. Осы бағытта біз екі патент қорғадық. Алғашқы патентіміз 2023 жылдың маусым айында тіркелді. Бұл әдіс ағынды су құрамындағы мұнай қалдықтарын таза оттегімен аэрациялау тәсіліне негізделген. Таза оттегі құрамында 100% оттегі бар, оның ауаға қарағанда тазарту тиімділігі бес есе жоғары. Бұл тәсілді біз ғылыми тұрғыда толық дәлелдеп, өндіріске енгізуге әзірледік. Екінші зерттеу жұмысымыз – өнеркәсіптік ағынды судың құрамындағы мұнай қалдықтарын табиғи сіңіргіш материалдар көмегімен сорып алу әдісі. Әлемдік деңгейде мұнай қалдықтарын жою үшін негізінен қамыс қолданылып келеді. Алайда біз зерттеу барысында төрт түлік малдың қылын пайдалану мүмкіндігін дәлелдедік. Бұл табиғи сіңіргіш материалдардың басты ерекшелігі – олардың мұнай өнімдерін ғана емес, хлор сияқты зиянды заттарды да өзіне сіңіретінінде, - дейді университет лабораториясының жетекшісі Маржан Досмағамбетова.

Бұдан бөлек былтыр университетте «Ұңғыманның қабырғасының тұрақтылығын қамтамасыз ету», «Құбырдың жабысып қалуын болдырмау», « Мұнай өнімділігін арттыру үшін фазалық мінез-құлықты модельдеу», «Жаңа оксигенаттардың қасиеттерін зерттеу» сынды төрт жоба болса, биыл әзірге екеуі қорғалды.

- Былтыр университетімізде NCOC компаниясының қолдауымен елімізегі алғашқы микрофлюидтік технологиялар зертханасы ашылды. Ол болашақта микрофлюидтік зерттеулерді тереңірек жүргізуге және тәжірибелерді дамытуға маңызды үлес қосады, - дейді университетің аға оқытушысы Қалаубай Бекмұханов.

Бұл жетістіктер университтетің болашақта ғылыми зерттеу жұмыстарын дамытуға, жас ғалымдар мен студенттердің жаңа идеяларын қолдауға бағытталған жұмыстарының нәтижесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT