Рамазан айында облыс мешіттері жанынан 3700-ге жуық адамға ауызашар дайындалады

(0 Votes)

Бұл туралы Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуа бөлімінің арнайы бекітуі бойынша наурыздың 23 күні рамазан айы басталады. Ал, сәуірдің 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. Ораза айт 21 сәуір күні өтеді.

-Осы айда әр мұсылман жоқ-жітіктерге, шын мұқтаж жандарға садақа береді. Биыл пітір садақа құны 535 теңге болса, Фидия садақасы 3000 теңге. Бұл айда 30 күн оразасын ұстап тек жақсылық жасаумен өтеміз. Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу үшін де облыстағы мешіттер де үлкен дайындық үстінде. Қасиетті айда ауыз бекітумен ғана шектелмей, «Намаз оқып үйренейік» атты 29 күндік дәріс жобасын қолға алып отырмыз. Бұл дәріске кез-келген адам қатыса алады. Мешіт ұстаздары намаз туралы сабақ беріп, шәкірттердің сұрақтарына жауап береді. Сондай-ақ «Ораза жайлы білесіз бе?» атты рухани дәрісте Рамазан айының ерекшеліктері, адамды рухани тәрбиелеу бағыттарында сабақтар жүреді. Дәрістер 29 күн бойы облыс бойынша барлық мешіттерде жүргізіледі, - деді А.Ұтысханұлы.

Сондай-ақ ол, Рамазан айында облыс мешіттері жанынан 3700-ге жуық тұрғынға күнде ауызашар дайындалатынын жеткізді. Соның ішінде орталық Иманғали мешітінде 500 адамға ауыз ашар ұйымдастырылмақ.

Оның айтуынша, егер кімде-кім облыстағы студенттерге, әлеуметтік жағдайы төмен жандарға, қоғамдық қызметшілерге және облыс тұрғындарына ауыз ашар ұйымдастыруды жоспарласа, орталық мешітінің есепшісіне +7 701 744 30 11 нөміріне хабарласуға болатынын жеткізді. Ал мешіт жанынан ауыз аштырам деушілерге адам басына 3000 теңге екенін айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT