ҚР Энергетика министрі екі күндік жұмыс сапарымен Атырау облысына келді

(0 Votes)

2022 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Атырауға келді.

Жұмыс сапары шеңберінде Болат Ақшолақов Солтүстік Каспий жобасының өндірістік нысандарын (NCOC), Үшінші буын зауытын және Теңіз кен орнындағы өндірісті басқарудың біріккен орталығын, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының алаңын және Атырау мұнай өңдеу зауытын аралап, Атырау ЖЭО жұмысымен танысады.

Сондай-ақ министрдің өңірдің тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесулері өтеді, жұмыс сапарының қорытындысы бойынша өңірдің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өңірлік коммуникациялар қызметі базасында брифинг ұйымдастырылады.

ҚР Энергетика министрінің Атырау облысына жұмыс сапары 11-12 тамыз аралығында жалғасады

Фото ашық дерекөздерден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521