Қызмет алушылардың құқығын қалпына келтіру дерегі 20 %-ға артты

Қызмет алушылардың құқығын қалпына келтіру дерегі 20 %-ға артты
(0 Votes)

 2023 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қатысты Департаментке түскен өтініштерді зерделей келе, 16 өтініш дәлелін тауып, қызмет алушылардың құқығы қалпына келтірілді.Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 20%-ға артты.

Сәйкесінше, мемлекеттік қызметтерді мерзімінен кешіктіріп көрсету дерегі 30%- ға азайды. Департаментпен түскен өтініштер және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 23 тексерулер жүргізілген,нәтижесінде 2 мыңнан астам заңбұзушылықтар анықталды.

Бұзушылықтардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (22%) жер қатынастары саласында (15%),сәулет және қала құрылысында (6%), қауіпсіздік және қорғаныс (6%), салаларында орын алған.

Тексеру нәтижелері негізінде Департамент ұсынысымен  заңбұзушылықтарға жол бергені үшін 16 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, ӘҚБтК-ның 465-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты 
10 әкімшілік хаттама түзілді. Нәтижесінде 638 250 теңге көлеміндегі айыппұл мемлекет бюджетіне өндірілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT