Қырғызстан Ұлттық құрамасы Көшпенділер ойынына дайындалуда

(1 Vote)

Қырғызстан ұлттық құрама командасы алдағы Көшпенділер ойындарына қызу дайындыққа кірісті.

 Көкпар және көкбөрү бойынша әрқайсысы 12 ойыншыдан тұратын команда қазіргі таңда Чолпон-Ата қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Бұл жиынның мақсаты — спортшылардың физикалық дайындығын, тактикалық шеберліктерін және командалық үйлесімділігін арттыру.

Жаттығу жиыны тәжірибелі жаттықтырушылар мен мамандардың жетекшілігімен өткізіліп, техникалық және стратегиялық аспектілерге ерекше көңіл бөлінеді.

Көшпенділер ойындары — этникалық спорт түрлерінде әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушыларды жинап, өз шеберліктері мен дәстүрлерін көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды әлемдік оқиға.

Қырғызстан ұлттық құрамасы өз әлеуетін көрсетіп, жарыстарда жүлделі орындарға ие болуға ұмтылады.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.

Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

*** 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының баспасөз қызметі Назым Қанатбекқызы 8 701 208 18 11 Айғаным Мұқатай 8 747 661 98 93 Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз: Инстаграм: https://www.instagram.com/worldnomadgames2024/ Twitter: https://twitter.com/Nomadgames_2024 YouTube: https://www.youtube.com/@WorldNomadGames2024 Тик ток: https://www.tiktok.com/@worldnomadgames_kz?_t=8hn4a4WBSUg&_r=1 Фейсбук: https://www.facebook.com/worldnomadgames2024?mibextid=hrBMPu Телеграм: https://t.me/worldnomadgames2024

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT