Әдетте құжат рәсімдегенде «02.03.18», «03.04.19», «01.02.20» деп жаза салуға әуеспіз. Заңгерлер кеңесіне сүйенсек, биыл құжатты бұлай толтырмаған дұрыс.
Жылдарды қысқарту биылғы жылы бірқатар түсініспеушілікке, тіпті алаяқтардың алдауына соқтыруы мүмкін.
⠀
Неге дейсіз бе? Өйткені, «20» санының соңына өзіне ыңғайлы кез келген басқа цифр қосып, мәліметтерді өзгертуі ғажап емес. Айталық, «02.04.20» дегенде соңына «22», «25» қылып өзгерте салу оңай. Кейін қиындық тудырмау үшін маңызды құжат рәсімдеу кезінде абай болған жөн.
"Отарқа"
Сурет: ашық дереккөзден