«ҚҰТТЫ БІЛІК» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«ҚҰТТЫ БІЛІК» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
фото: eskeldi-eli.kz
(0 Votes)

 Мемлекет Басшысы Жарлығымен бекітілген Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленгені Ұлттық даму жоспарында дамудың жаңа моделінде мемлекеттік мүдделер азаматтың айналасында тоғысатындығы айқындалып, оны қалыптастыру игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу, адами капиталды дамыту, мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдауы және олар үшін қоғам алдындағы жауапкершілік секілді 7 негізгі қағидатқа негізделген. 

Осы ретте, мемлекеттік аппараттың механизмі әрбір мемлекеттік қызметшілердің қызметтерінің жиынтығымен жүзеге асырылады, сәйкесінше тиімді, әділ, объективті шешім қабылдау және азаматтардың мүдделерін мейілінше қанағаттандыру үшін мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жетілген маман болуы өте маңызды рөл ойнайды деп түсінеміз.

Бұл тұрғыда мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметшілерге кәсіби дағдыларды дамыту бойынша ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалымен бірлесе семинар кеңестер өткізіліп, құқықтық сауаттылықтары арттырылуда.

Осы бағытта Департаментпен мемлекеттік қызметшілерге уәкілетті органмен қолға алынған «құтты білік» жобасының аясында кәсіби дағдыларды дамыту тақырыбында мастер-класс өткізілді.

Департамент өкілінің айтуынша, мұндай жаңа бағыттағы жобалар шегіндегі іс-шаралар мемлекеттік қызметшілерді жан-жақты болумен қатар, кәсіби шыңдалуларына, коммуникативтілікті, клиентке бағдарлану, ашықтық қағидаттарын жоғары деңгейде жүзеге асыруға ықпал етеді.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілер тәжірибелерімен бөлісіп, ой-пікірлерін ортаға салды.

Атап өту қажет, заңнамалық толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның ҚР Мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған концепциясы бекітілген болатын. Осы тұжырымдамада мемлекеттік қызметті кәсібилендіру тетіктерін көрсете отырып, сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру бағытында нақты жоспарлар айқындалған.

Ендігі уақытта Департаменттің алдында осы тұжырымда аясында да бірқатар шараларды атқару жұмыстары көзделген.

Департаменттің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT