Облыс аумағында тұманның қалың түсуіне байланысты республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолының 14-189 және облыстық маңызы бар Атырау-Индер тас жолының 17-170 шақырым аралығында көлік қозғалысының барлық түріне шектеу енгізілді.
Осы ретте, барлық жол қозғалысына қатысушылардан жол ережесін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз.