Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!
(0 Votes)

 Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол сақшылары тәулік бойы қызмет атқарып, үнемі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Дегенмен, жүргізушілер тарапынан жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуы салдарынан тас жолдарда жол-көлік оқиғалары азаймай отыр. 

Өкінішке орай, тек бір күннің өзінде орын алған бірнеше жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам көз жұмды.

Атап айтқанда, 15 сәуір күні сағат 05:45 шамасында Toyota Camry маркалы автокөлік аударылып, апат салдарынан үш адам қаза тапты, тағы бір жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Сол күні сағат 15:30 шамасында Сағыз ауылында жасөспірім мотокөлікпен бағанаға соқтығысып, алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

Сағат 16:40 шамасында Доссор–Құлсары тас жолының 93 шақырымында жүк көлігі мен ВАЗ-2115 маркалы автокөлік соқтығысып, соның салдарынан тағы бір адам оқиға орнында қайтыс болды. Құрметті жүргізушілер! Әрбір жол қозғалысына қатысушы – өз өмірі мен өзгенің өміріне жауапты. Жылдамдықты шамадан тыс асырмаңыздар, қауіпсіздік белдігін тағып жүріңіздер, жол ережелерін қатаң сақтаңыздар. Бір сәттік салғырттық орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT