Құрбан айтта жаппай шаралар өткізуге тыйым салу туралы (Қаулы мәтіні)

(0 Votes)

Атырау облысының аумағында Құрбан айт мерекесі күндері коронавирустық инфекцияның таралуына ықпал ететін іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №130 «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» және «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2002 жылғы 3 шілдедегі №44 «Қатаң шектеу шараларын енгізу туралы» қаулысына сәйкес, қала тұрғындарының арасында Covid-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - Covid-19) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Атырау қаласының әкімдігі, облыс аудандары әкімдігі, Полиция департаменті, Дін істері басқармасы, Атырау қаласы орталық мешітінің бас имамы «Құрбан айт» мерекесі күндерінде 2020 жылғы 31 шілдеден 2 тамыз аралығында тыйым салсын:

1) меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үй иеліктерінде және медреседе адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге;

2) мал союды ұйымдастыру және өткізуге, автокөліктерде және жеке үй иеліктерде мал сатуға;

3) 31 шілдеден 2 тамыз аралығында онлайн режимінде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою цехтарымен мал сату базарының жұмысын тоқтату;

4) БАҚ арқылы онлайн режимде құрбандық шалуды ұйымдастыру туралы халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

  

  1. Атырау қаласының әкімдігі, облыс аудандары әкімдігі, Полиция департаменті, Дін істері басқармасы, Атырау қаласы орталық мешітінің бас имамы «Құрбан айт» мерекесіне дейін 2020 жылғы 28- 30 шілде аралығында:

1) COVID-19 таралуын болдырмау жөніндегі алдын-алу шаралары бойынша және санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес келесі белгіленген мекен-жайларда халыққа мал сату орындарын ұйымдастырсын:

- Атырау-Астрахань тас жолының бойында;

- Атырау-Доссор тас жолының бойында,телебаған ауданы;

- Атырау-Еркінқала тас жолының бойында, ы.а.Өркен;

- Атырау-Дамба тас жолының бойында.

2) аудан орталықтары мен ауылдарда мал сату орындары анықталсын.

  1. Облыстық дін істері басқармасы, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына:

1) 31 шілдеден 2 тамыз  аралығында ветеринарлық қызметтің ресми ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған мал сою пункттері мен учаскелерде мал союды және сатуды ұйымдастыруға рұқсат етіледі (қаланың мал сою пункттері: «Асыл Агро» КХ Солтүстік өндірістік аймағы 49,  Береке ықшам ауданы «Куаныш»,  Атырау-Махамбет тас жолының бойында орналасқан «Адал», Құрманғазы көшесінің бойындағы «Тума», ветеринариялық қызметпен бекітілген тізбеге сәйкес аймақтардағы мал сою алаңдары)

  1. 31 шілде сағат 00.00-ден 2 тамыз 20.00-ге дейін Полиция департаменті, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына:
  2. Атырау қаласының кіре берістерінде, құрбан шалуды онлайн режимінде жүзеге асыруға арналғандарды қоспағанда, қала аумағына құбандыққа шалынатын ірі және уақ малды әкелуді болдырмау және алдын алу бойынша бекеттерді ұйымдастыру;
  3. 5. 27 шілде 02 тамыз аралғында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына:

1) Облыс аумағындағы барлық мал сою цехтарының жұмысына  мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды күшейту;

  1. Атырау қаласы әкімдігіне, аудан әкімдері аппараттарына, Полиция департаментіне, Дін істері басқармасына, Орталық мешіттің бас имамы Құрбан айт мерекесі кезінде 2020 жылдың 31 шілдесінен 2 тамыз аралығында:

1) құрбандық шалуға  онлайн режимінде Qurban2020.kz сайтына өтінім беру арқылы рұқсат беру;

2) «Құрбан айт» мерекесін ұйымдастыру мәселелерін халыққа түсіндіру үшін Call-орталықтың жұмысын ұйымдастыру;

3) тартылған адамдарды жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ете отырып, мұқтаж адамдарға тез бұзылатын өнімдерді (құрбан болған жануарлардың еті) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

4) карантиндік шараларды бұзушыларға мониторинг жүргізу барысында тиісті шараларқабылдау, мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру.

 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Полиция департаментіне, аудандық әкімдіктерге және ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына жүктелсін.

 

 

Ж.Досымбаева,

Атырау облысының Бас мемлекеттік

санитарлық дәрігерінің орынбасары

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT