18-20 наурыз аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Осыған байланысты Атырау қаласы полиция басқармасының Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімшесінің аға инспекторы полиция капитаны Нұргүл Сәрсенова және полиция капитаны Гүлшара Қаржауова Әскери-тергеу басқармасының тергеушісі, әділет капитаны Даниал Алибаймен бірлесіп, ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша шекара қызметі департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері отбасылық зорлық-зомбылықтың өзектілігіне тоқталып, оның негізгі құрбандары көбіне әйелдер мен балалар болатынын атап өтті. Сонымен қатар, зорлық-зомбылықтың құқықтық салдары, оны болдырмау жолдары және алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұл бағыттағы шаралар жалғасын табады.