Құлсарылықтар Бейнеу ауданының ауылдарын да паналай алады

Құлсарылықтар Бейнеу ауданының ауылдарын да паналай алады
(0 Votes)

Атырау облысы Құлсары қаласынан эвакуацияланған тұрғындар Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының орталығына да тасымалданып жатқаны белгілі. Енді олар көрші ауданға қарасты ауылдарға да орналастырылады. Қазірдің өзінде Жыңғылды ауылында 24 үй дайын тұр. Бұл туралы көрші аймақтағы әріптесіміз облыстық «Маңғыстау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Лаура Тындырғанова хабарлады. 

Оның айтуынша, Жыңғылды ауылының халқы Атыраудан көшірілген халық үшін бос тұрған үйлерді тазалап, төсек-орын, ыдыс-аяқ, керек-жарағын түгел апарып, қоныстануға дайындап қойған. Бір сүйсінтерлігі, қазір ауыл аналары бірігіп мақта түтіп, көрпе тігуге де кіріскен. Ал Жыңғылды ауылының әкімі Сағыныш Жұбановтың айтуынша, бұл үйлер иелерінің көпшілігі көшіп кеткен. Кейбірі – сол ауыл тұрғындарының бұрынғы үйі. Ауылдағы интернаттың жатақханасы мен мектептің спорт залдары қосымша дайындалған.

«Бірлігі жарасқан жыңғылдылықтар ауылдағы бос тұрған үйлерге қоныстанушыларды тамақпен қамтуға да тас түйін дайын отыр. Сондықтан құлсарылық ағайындар бұл жерге еш алаңсыз келе алады», - делінген маңғыстаулық ресми медиа ресурс таратқан мәліметте.

Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы

t.me/oper_shtab_atyrau @oper_shtab_atyrau

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT