Құлсары-Доссор бағытында жол қозғалысы тоқтатылды

(0 Votes)

Атырау облысы аумағындағы республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 103 шақырымы тұсында яғни Құлсары қаласынан 20 шақырым қашықтықта тасқын судың тасжолды басып кетуіне байланысты Құлсары-Доссор аралығындағы жол қозғалысы толықтай тоқтатылды. 

Жолдар қалыпқа келгенше бұл бағытта жолға шықпауларыңыз, қауіпсіздікке мұқият болуларыңыз сұралады. Қазіргі таңда су басқан тасжолдың бойында патрульдік полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын атқаруда. Аталған тасжолдың қозғалысына қатысты деректер әлеуметтік желідегі ресми парақшалар мен БАҚ беттерінде жарияланатынын қаперіңізге береміз!

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT