“Қорғау-қауіпті жүргізуші”: жол ережесін бұзу деректері жедел анықталуда

“Қорғау-қауіпті жүргізуші”: жол ережесін бұзу деректері жедел анықталуда
(0 Votes)

Қазіргі таңда Атырау қаласында жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында заманауи технологиялар белсенді түрде қолданылуда. Солардың бірі – “Қорғау-қауіпті жүргізуші” атты мобильді қосымша.

Бұл қосымша патрульдік полиция қызметкерлеріне жол қозғалысын бақылауға және ереже бұзған жүргізушілерді автоматты түрде анықтап, тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Жүйе бейнебақылау камераларымен біріктірілген және нақты уақыт режимінде заңбұзушылықтарды тіркеуге мүмкіндік береді.

Жоба аясында жүргізушілердің жылдамдықты шектен тыс асыруы, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтуі, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығуы, қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты әрекеттері жедел түрде тіркеліп, заң аясында жауапкершілік қарастырылады.

Бұл бастама жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүзеге асырылуда.

Құрметті көлік жүргізушілері мен жол қозғалысына қатысушылар!

Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік — әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Ережеге бағыну — өз өміріңізге және айналаңыздағы адамдарға деген құрметтің белгісі.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT