Қазақстанға әлемдік және аймақтық өнеркәсіп алпауыттары келіп жатыр - Президент

Қазақстанға әлемдік және аймақтық өнеркәсіп алпауыттары келіп жатыр - Президент
Фото: Ақорда
(0 Votes)

Биыл елімізде жалпы құны 376 млрд теңгені құрайтын 91 инвестициялық жоба жүзеге асты. Бұл туралы бүгін елордада «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform. 

«Мен облыстарға жұмыс сапарымен жиі барып тұрамын. Биыл да бірнеше аймақта болдым. Әр облыста жұртшылықпен, соның ішінде бизнес өкілдерімен кездесіп жүрмін. Аймақтарда көптеген инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Биылдың өзінде еліміз бойынша жалпы құны 376 миллиард теңгені құрайтын 91 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Соның арқасында 6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президен қосымша тұрақты жұмыс орындарын ашу жалпымемлекеттік міндет екенін атап өтті.

«Өйткені бұл жерде халықты жұмыспен қамту, қоғамдағы масылдық психологиядан арылу туралы айтылып отыр. Қазақстанға әлемдік және аймақтық өнеркәсіп алпауыттары келіп жатыр. Мысалы, жақында Қостанайда Kia автокөліктерін шығаратын толық циклді зауыттың құрылысы басталды. Өзге де автомобиль брендтерін шығару көзделіп отыр. Біз алдымызға шынайы индустрияландыру және елдің жаңа өндірістік негізін қалыптастыру міндетін қойдық», - деді Мемлекет басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT