Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беріле ме деген сұраққа жауап берді.
ШАРЛАПАЕВ НЕ ДЕЙДІ
– Бұл сұраққа бұрын да жауап бергенбіз. Жеңілдетілген несиеге ешкімнің көңілі толмайды. Себебі түсінікті – ниет білдірушілер көп, ал бөлінетін ақша аз. Бірақ автоөндірушілер де, қаржы нарығы да бір орында тұрмайды. Қазір мәселен, Үкімет заңнамалық тұрғыда жеке тұлғаларға лизингті енгізу тетігін қолдады. Екіншіден, автокөлік сататын компаниялардың өзі әртүрлі қаржылық құралдарды пайдаланып, көлікті бөліп төлеуге болатын жағдай жасады, – дейді ол.
Министрдің айтуынша, жеңілдетілген автонесиеден түскен қаражат қоғамдық көліктерді дамытуға бағытталады.
“Демек енді болмай ма?” деген сұраққа Шарлапаев бұл бағдарлама тоқтамағанын, одан түскен қаражат жеке көліктерді сатып алуға емес, қаланың инфрақұрылымына, қоғамдық көліктерге жұмсалып жатқанын айтты.